Перейти к содержимому

Жастар театры мерейтойлық ХХ маусым шымылдығын «ШЫҢҒЫСХАН» қойылымымен ашады

Жастар театры өзінің ХХ мерейтойлық маусымының шымылдығын алғаш сахнаға жол тартқан «ШЫҢҒЫСХАН» қойылымымен қайта түрмек.

Театр тарихында айрықша орны бар бұл спектакль — өнер ордасының сахналық шежіресін бастаған алғашқы қойылым. Көрерменге жол тартқан күннен бастап талай жүрекке жол тауып, театрдың шығармашылық келбетін қалыптастырған «Шыңғысхан» араға жылдар салып, жаңа маусымның салтанатты ашылуына қайта оралмақ.

Бұл — жай ғана маусымашар емес, театрдың жиырма жылдық шығармашылық ғұмырына тағзым еткен ерекше сәт, алғашқы қадамға қайта оралып, жаңа белеске бет алған өнер сапарының жалғасы.

Жаңа маусымда өнер ұжымы өз көрерменімен сағына қауышатындығын қуана хабарлаймыз!

Астана қалалық «Жастар театры» мерекелік ХХ театр маусымын 9 қыркүйек күні Ш.Айтматов және Ә.Кекілбаевтың «ШЫҢҒЫСХАН» қойылымымен ашпақ.

Қойылым режиссері – Қазақстанның халық әртісі Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ.                                                  

Инценировка авторы – Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жаныш ҚҰЛМАМБЕТОВ.

…Жарты әлемді жаулаған жаһан әміршісін тізе бүктірген нендей күш? Соңғы демі үзілгенше, айналасын қаһарымен қалтыратып келген ұлы Қаһанның ажалы әлсіз әйелден болды десе, сенер ме едіңіз? Маңдайға жазылған тағдырдан пенде біткеннің қашып құтылуы мүмкін бе? Моңғолдың ұлы әміршісі – Шыңғысханның тылсымға толы талайлы тағдырын оқиға өзегіне айналдырған қойылым, өмірдің осындай ұлы сауалдарына жауап іздейді.

Будьте в курсе первыми
Главные инсайты IT, бизнеса и инноваций Казахстана в Telegram-канале @aleminform

JARNAMA
Реклама