HomeUncategorizedAI & Digital Bridge...

AI & Digital Bridge 2026 аясындағы Job Fair: технология саласындағы мансаптық мүмкіндіктер

2–3 қазанда Астанада, «EXPO» ХКО аумағында өтетін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында Job Fair ұйымдастырылады. Бұл — технология саласында дамығысы келетін, жұмыс, тағылымдама немесе жаңа кәсіби мүмкіндіктер іздеген тұлғаларға арналған арнайы мансап аймағы.

Job Fair таланттар мен жұмыс берушілердің тоғысатын орнына айналады. Форум қатысушылары технология саласындағы компаниялармен танысып, өзекті бос жұмыс орындары мен тағылымдамалар туралы біле алады, компания өкілдерімен тікелей тілдесіп, бүгінде нарықта қандай мамандарға сұраныс жоғары екенін тереңірек түсінеді.

Жұмыс іздеушілер үшін бұл тек бос орындармен танысып қоймай, әлеуетті жұмыс берушілерге өзін жеке таныстыруға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және әрі қарайғы мансаптық дамуға бағдар алуға тамаша мүмкіндік.

AI & Digital Bridge 2026 форумында адам капиталын дамытуға және AI-экономикасы үшін жаңа буын мамандарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Форум бағдарламасында студенттер, әзірлеушілер, білім беру ұйымдары, технологиялық компаниялар мен BigTech-командалар үшін арнайы бағыттар қарастырылған. Студенттер үшін басты мүмкіндіктер ретінде жұмыс, тағылымдама іздеу және стартап-командаларға қатысу белгіленсе, әзірлеушілер үшін — жаңа техникалық білім алу мен мансаптық мүмкіндіктермен танысу көзделген.

Job Fair осы міндеттің іс жүзіндегі жалғасы болмақ — білікті мамандарға мұқтаж компаниялар мен технология саласында мансап құруға дайын тұлғалардың басын қосады.

Қашан: 2026 жылғы 2–3 қазан

Қайда: «EXPO» ХКО, Астана

Аясында: AI & Digital Bridge 2026

JARNAMA

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

ЧИТАЕМЫЕ

ИЗ ЭТОЙ КАТЕГОРИИ

Astana Hub Battle 2026: жылдың басты стартап-шайқасына өтінім қабылдау басталды

AI & Digital Bridge 2026 аясында өтетін Astana Hub Battle халықаралық...

AI & Digital Bridge Awards 2026 сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстандағы Цифрландыру жылы аясында өтетін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық...

activ «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмінің Қазақстандағы премьерасының серіктесі атанды

activ бренді Sony Pictures студиясының «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмінің Қазақстандағы...

jarnama

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img