Перейти к содержимому

Банктер мен финтех-компаниялар Қазақстанда inDrive қосымшасындағы жарнама берушілер арасында көш бастап тұр

Қазақстанда банктер мен финтех-компаниялар inDrive қосымшасындағы ең белсенді жарнама берушілерге айналды. Оларға жарнамалық шығындардың 60%-дан астамы тиесілі. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан нарығы сервис қатысатын басқа елдерден ерекшеленеді, өйткені өзге мемлекеттерде жарнама әртүрлі сала компаниялары арасында бөлінеді.

inDrive-тың жарнама бағыты — inDrive.Ads жұмысының алғашқы жылы Қазақстанда қосымшада ай сайын жарнамаға тапсырыс берушілердің саны 3,6 есе өсті. Оның ішінде банктердің, финтех-компаниялар мен төлем сервистерінің жарнама шығындарындағы үлесі екі есе артты, деп хабарлады inDrive.Ads өкілдері.

Мұндай қызығушылықтың себептерінің бірі — банктердің суперқосымшалардың (суперапп) дамуы болуы мүмкін. Қазақстандық банктер дәстүрлі қаржылық қызметтер аясынан әлдеқашан шыққан. Бүгінде олардың қосымшалары арқылы ақша аударып, несие рәсімдеумен қатар, тауар сатып алуға, билет брондауға және басқа да қызметтердің ақысын төлеуге болады. Қызмет түрлері көбейген сайын банктер жаңа жарнама алаңдарын да игеріп келеді.

Басқа нарықтарда жарнама әртүрлі салалар арасында бөлінеді. Атап айтқанда, жарнамаға мейрамханалар желілері, күнделікті тұтыну тауарларын өндірушілер, телекоммуникация компаниялары мен автомобиль брендтері тапсырыс береді.

Әлем бойынша inDrive қосымшасында ай сайын 2 000-нан астам жарнама беруші жарнама орналастырады. Компания әлемдегі ең ірі бес халықаралық жарнама холдингтерімен серіктес әрі брендтермен тікелей жұмыс істейді. Бір жыл ішінде сегіз мемлекетте 30-дан астам брендтердің ондаған жарнамалық науқан өткізді. Бұдан бөлек, жарнаманы автоматтандырылған жарнама биржаларының көмегімен (programmatic технологиясы арқылы) де орналастыруға болады.

Көлік қосымшаларында жарнама қалай дамып келеді?

inDrive өзінің inDrive.Ads жарнамалық бағытын 2025 жылдың шілдесінде іске қосты. Алғашқы жылы қосымшадағы жарнама Латын Америкасы, Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 25 елде қолжетімді болды. Ал жарнамалық көрсетілімдер саны 2 млрд-тан асты.

Жарнама қосымшада, мысалы, жолаушы көлік күтіп отырғанда немесе жүргізуші келесі тапсырысты күткен кезде көрсетіледі. Компания бұл форматты Ride Media деп атайды және оны адамның жол бойында көретін сыртқы жарнамамен салыстырады. inDrive іске қосылғаннан бері сервис арқылы бүкіл әлемде 8 млрд-тан астам сапар жасалды. Бұл жарнама берушілерң әрекеттесе алатын ықтимал аудиторияның ауқымы туралы түсінік береді.

 

Алғашқы жылы inDrive.Ads оннан астам ірі жаңартуды іске асырды. Қосымшада жаңа жарнамалық форматтар пайда болып, жарнамалардың жүктелу уақыты қысқарды. Сонымен қатар жолаушылар жеке мәліметтерді пайдалану баптауларын өз бетінше басқару мүмкіндігіне ие болды.

Жарнамалық көлемнің бір бөлігін inDrive өзінің әлеуметтік жобаларына арнайды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бұндай жобалар 1,7 млн-нан астам көрсетілім жинады. Олардың қатарында Арсен Томскийдің Қазақстандағы inVision U білім беру бастамасы, Мексика, Колумбия және Перудегі Juntas Llegamos бағдарламасы және Колумбиядағы Alternativa Film Festival кинофестивалі бар.

«Бірінші жылды біз жарнама бағытын дамытуға арнадық.  Келесі кезеңде retail media экожүйесін құрып, халықаралық және жергілікті брендтермен ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отырмыз. Біз үшін жарнаманың қосымшамен үйлесімді болғаны және пайдаланушыларға кедергі келтірмеуі өте маңызды», – деп атап өтті inDrive.Ads директоры Макс Силин.

inDrive өкілдері жарнамадан түсетін табыс жүргізушілер үшін нарықтағы ең төмен комиссиялардың бірін сақтауға және сапар құнын көтермеуге мүмкіндік беретінін атап өтеді.

Будьте в курсе первыми
Главные инсайты IT, бизнеса и инноваций Казахстана в Telegram-канале @aleminform

JARNAMA
Реклама