Автор: Айша Елмұрат
19 қазанда Nazarbayev University негізіндегі Өnergy Creative Hub алаңында “Креативті продюсерлеу” тақырыбында Creative Talk өтті. Кездесудің спикері — Қуаныш Бейсек, ал модераторы — продюсер әрі Өnergy Creative Hub коммерциялық директоры Еркебұлан Күрішбаев.

Кездесуде шығармашылық идеяны нақты жобаға айналдыру, команда жасақтау, серіктестер тарту, қаржыландыру көздерін табу және жобаны сауатты таныстыру мәселелері талқыланды. Қуаныш Бейсек өз тәжірибесімен бөлісіп, жобаларды қорғау барысында ескеретін жайттар мен жеке бастамаларды жүзеге асыру жолдары туралы айтты.
Іс-шараға жиналған көрермен залы лық толды. Қатысушылар спикерге сұрақ қойып, өз ойларын ортаға салып, креативті жобаларды жүзеге асыруға қатысты сауалдарына тікелей жауап алды.
Оған қоса, кездесуге келген әр қатысушыға Madeniet журналы сыйға тартылды.
Анықтама:
Өnergy — Nazarbayev University негізіндегі зерттеулер, мәдени тәжірибелер мен жаңа технологияларды ұштастыратын пәнаралық платформа. Оның құрамындағы Art & Tech, SoundLab, Content & Production, BioDesign, FoodLab және CinemArt атты алты зертхана біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейді. Мұнда идеялар ғылыми зерттеуден бастап, прототип әзірлеу, пилоттық сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізуге дейінгі кезеңдерден өтеді.




