HomeРобототехника және өнеркәсіпҚазақстанда роботтандыру жұмыстары жеделдетіледі

Қазақстанда роботтандыру жұмыстары жеделдетіледі

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында Қазақстанда роботтандыруды енгізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Роботтандыру бойынша мен толық қолдаймын, бұған дейін де тапсырмалар бергенмін. Бағдарлама мүмкіндігінше қарапайым, түсінікті, теориясыз, қолданбалы болуы керек, біз роботтандыруды енгізу бойынша нақты жұмыс істеуіміз керек», — деді Бектенов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Премьер-Министр робот өндірумен айналысатын компания басшыларымен ықтимал ынтымақтастықты талқылау үшін кездесуге дайын екенін білдірді.

«Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі басқарма төрағасы Мейрам Пшембаевтың мәліметі бойынша, Сингапурда 10 мың жұмысшыға 1 мыңнан астам робот келеді, Оңтүстік Кореяда — 800-ден астам, Германия мен Жапонияда 400-ден астам. Қазақстанда бұл көрсеткіш небәрі 7 роботты құрайды.

JARNAMA

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

ЧИТАЕМЫЕ

ИЗ ЭТОЙ КАТЕГОРИИ

«38. Соңғы нүкте»: орманшылардың көзге көрінбейтін еңбегі мен кәсіби борышы туралы фильм

Shanger.kz және Aleminform бірлескен коллаборациясы аясында дайындалды. 3 қыркүйектен бастап қазақстандық көрермен назарына...

Жастар театры мерейтойлық ХХ маусым шымылдығын «ШЫҢҒЫСХАН» қойылымымен ашады

Жастар театры өзінің ХХ мерейтойлық маусымының шымылдығын алғаш сахнаға жол тартқан...

AI & Digital Bridge 2026 аясындағы Job Fair: технология саласындағы мансаптық мүмкіндіктер

2–3 қазанда Астанада, «EXPO» ХКО аумағында өтетін AI & Digital Bridge...

Astana Hub Battle 2026: жылдың басты стартап-шайқасына өтінім қабылдау басталды

AI & Digital Bridge 2026 аясында өтетін Astana Hub Battle халықаралық...

jarnama

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img