Перейти к содержимому

Apple компаниясы апта соңына дейін M4 чипінде жұмыс істейтін жаңа компьютерлерді таныстырады

Белгілі инсайдер Сонни Диксонның X платформасында жариялауынша, Apple компаниясы 25 қазанға дейін M4 чипімен жабдықталған жаңа компьютерлерді таныстыруы мүмкін.

Диксонның мәліметі бойынша, жаңа өнімдер қатарында бес USB-C портымен жабдықталған Mac mini және қуатты MacBook Pro ноутбугы күтілуде.

Бұған дейін инсайдерлер Apple компаниясының жыл соңына дейін кем дегенде тағы бір гаджет тұсаукесерін өткізетінін хабарлаған болатын. Онда жаңа компьютерлер көрсетілуі тиіс.

Дереккөз: Асия Сураганова

Фото: Global Look Press

Будьте в курсе первыми
Главные инсайты IT, бизнеса и инноваций Казахстана в Telegram-канале @aleminform

JARNAMA
Реклама