HomeЖаңалықтарTamyr Platform Қазақстандағы білім...

Tamyr Platform Қазақстандағы білім беру саласын өзгертетін жобаларды шақырады: 10 млн теңгеге дейінгі грантқа өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда балалар мен жастарға арналған білім беру жобаларына арналған Tamyr Platform грант байқауына өтінім қабылдау басталды. Ең үздік әрі болашағы зор бастамалардың авторлары өз жобаларын дамыту және ауқымын кеңейту үшін 10 млн теңгеге дейін грант алу мүмкіндігіне ие болады.

Байқауға білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, білім беру технологияларын енгізуге, педагогтерді қолдауға, инклюзивті ортаны дамытуға және қауіпсіз білім беру кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жобалар қатыса алады.

Өтінімдер 2026 жылғы 30 шілде мен 31 тамыз аралығында қабылданады. Байқау қорытындысы бойынша 5-7 жобаға дейін қолдау көрсетіліп, әрқайсысына 10 миллион теңгеге дейін грант беріледі. Нәтижелер 2026 жылғы 10 қыркүйекте жарияланады.

«Өзгерістер проблеманың өздігінен шешілуін күтпейтін адамдардан басталады. Біз нақты жұмыс істейтін шешімдері, батыл идеялары және жүйелі жұмыс істеуге дайын командаларды қолдағымыз келеді. Егер сіздің жобаңыз мектеп оқушыларына, студенттерге немесе педагогтерге көмектесіп жүрсе және оны одан әрі дамыту жолдарын білсеңіз, өтініміңізді асыға күтеміз», – дейді EA Charity fund директоры Айдар Бурибаев.

Байқауға кімдер қатыса алады?

Қазақстан аумағында білім беру бастамаларын жүзеге асырып жүрген 21 жастан асқан жеке және заңды тұлғалар өтінім бере алады. Атап айтқанда:

  • білім беру стартаптары;
  • қосымша білім беру, кәсіптік бағдарлау және инклюзивті оқыту орталықтары;
  • педагогтер;
  • студенттер.

Байқау іске асырылып жатқан, алғашқы нәтижелерін көрсеткен, пилоттық кезеңді аяқтаған немесе дайын өнімі бар жобаларға арналған. Идея деңгейіндегі жобалар қатыстырылмайды.

Конкурсқа қабылданатын басым бағыттар:

  • сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру;
  • білім беру үдерісіне технологиялар мен инновацияларды енгізу;
  • педагогтерді қолдау және олардың кәсіби дамуына ықпал ету;
  • қауіпсіз әрі дамытушы білім беру ортасын қалыптастыру;
  • инклюзивті білім беруді дамыту және баршаға тең білім алу мүмкіндігін кеңейту.

Өтінімді қалай беруге болады?

Байқау шарттарымен танысып, Tamyr Platform сайтында 2026 жылғы 31 тамыз сағат 23:59-ға дейін өтінім толтыру қажет. Өтінімдер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Қосымша ақпаратты info@tamyrplatform.com электронды поштасы немесе жобаның Instagram парақшасы арқылы алуға болады.

Tamyr Platform – EA Group Holding инвестициялық холдингі мен EA Charity fund корпоративтік қоры құрған, білім беру және мәдени бастамаларды қолдау платформасы. Жобаның мақсаты – Қазақстандағы білім беру саласын дамытуға арналған практикалық шешімдер ұсынатын және ұзақ мерзімді әлеуметтік әсері бар жобаларды қолдау.

 

JARNAMA

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

ЧИТАЕМЫЕ

ИЗ ЭТОЙ КАТЕГОРИИ

«38. Соңғы нүкте»: орманшылардың көзге көрінбейтін еңбегі мен кәсіби борышы туралы фильм

Shanger.kz және Aleminform бірлескен коллаборациясы аясында дайындалды. 3 қыркүйектен бастап қазақстандық көрермен назарына...

Жастар театры мерейтойлық ХХ маусым шымылдығын «ШЫҢҒЫСХАН» қойылымымен ашады

Жастар театры өзінің ХХ мерейтойлық маусымының шымылдығын алғаш сахнаға жол тартқан...

AI & Digital Bridge 2026 аясындағы Job Fair: технология саласындағы мансаптық мүмкіндіктер

2–3 қазанда Астанада, «EXPO» ХКО аумағында өтетін AI & Digital Bridge...

Astana Hub Battle 2026: жылдың басты стартап-шайқасына өтінім қабылдау басталды

AI & Digital Bridge 2026 аясында өтетін Astana Hub Battle халықаралық...

jarnama

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img