HomeЖаңалықтарactiv «Өрмекші адам: Жаңа...

activ «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмінің Қазақстандағы премьерасының серіктесі атанды

activ бренді Sony Pictures студиясының «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмінің Қазақстандағы премьерасының серіктесі атанды. Бірлескен науқан жылдың ең көп күткен кинотуындыларының бірін және  миллиондаған адамның күнделікті өмірінде маңызды рөл атқаратын жылдамдық ұғымын тоғыстырады.

Жылдам мобильді интернет жақындармен үнемі байланыста болуға, бейнелерді кідіріссіз көруге, нақты уақыт режимінде жұмыс істеуге, білім алуға және әсерлермен бөлісуге мүмкіндік береді. Сондықтан жылдамдық activ пен Sony Pictures бірлескен науқанының басты идеясы ретінде таңдалды.

Мұндай серіктестіктің орнауы кездейсоқ емес. Тәуелсіз Ookla Speedtest Intelligence зерттеуінің 2026 жылдың бірінші және екінші тоқсандары бойынша деректеріне сәйкес, Kcell мобильді желісі Қазақстандағы ең жылдам желі деп танылды. Компания 72,35 Speed Score™ көрсеткішіне қол жеткізіп, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша елдегі мобильді операторлар арасында ең жоғары нәтижені көрсетті.

Зерттеу Қазақстан бойынша 124 463 пайдаланушы жүргізген 1 396 593 жылдамдық тестінің нәтижелерін талдау негізінде жасалған. Бұл деректер мобильді интернетті пайдаланудың нақты тәжірибесін көрсетіп, Kcell-дің мобильді деректерді беру жылдамдығы бойынша көшбасшылығын растайды.

«Біз бүгінгі өмірде жылдамдықтың қаншалықты маңызды рөл атқаратынын көрсететін науқан жасағымыз келді. Сондықтан Sony Pictures компаниясымен серіктестік біз үшін орынды қадам болды», – деді «Кселл» АҚ Стратегиялық даму және талдау жөніндегі бас директоры Даурен Шайхин.

«Өрмекші адам» франшизасы жиырма жылдан астам уақыт бойы әлемдік кинематографиядағы ең табысты жобалардың бірі болып келеді. Жаңа фильм өмірінің келесі кезеңіне қадам басқан, тың сынақтарға тап болып, жауапкершілік пен алға ұмтылысты таңдаған кейіпкердің оқиғасын жалғастырады.

Серіктестік аясында activ пен Sony Pictures Қазақстанда «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмінің прокатқа шығуына орай бірқатар бірлескен промо-белсенділіктер өткізеді.

JARNAMA

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

ЧИТАЕМЫЕ

ИЗ ЭТОЙ КАТЕГОРИИ

«38. Соңғы нүкте»: орманшылардың көзге көрінбейтін еңбегі мен кәсіби борышы туралы фильм

Shanger.kz және Aleminform бірлескен коллаборациясы аясында дайындалды. 3 қыркүйектен бастап қазақстандық көрермен назарына...

Жастар театры мерейтойлық ХХ маусым шымылдығын «ШЫҢҒЫСХАН» қойылымымен ашады

Жастар театры өзінің ХХ мерейтойлық маусымының шымылдығын алғаш сахнаға жол тартқан...

AI & Digital Bridge 2026 аясындағы Job Fair: технология саласындағы мансаптық мүмкіндіктер

2–3 қазанда Астанада, «EXPO» ХКО аумағында өтетін AI & Digital Bridge...

Astana Hub Battle 2026: жылдың басты стартап-шайқасына өтінім қабылдау басталды

AI & Digital Bridge 2026 аясында өтетін Astana Hub Battle халықаралық...

jarnama

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img