HomeЖаңалықтарҒылым саласындағы сыйақылар мен...

Ғылым саласындағы сыйақылар мен стипендияларға өтінімдер қабылдануда

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар ұсынылатын байқауға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Биыл өтінімдер электронды форматта «Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезесі – astanahub.com ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.

Байқаудың мақсаты – ғылымды дамытуға қосқан үлесі, үздік ғылыми зерттеулері мен жетістіктері үшін ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерді ынталандыру. Сыйақылар мен стипендиялар әртүрлі ғылым саласындағы үздік жұмыстарды айқындау мақсатында тағайындалады. Атап айтқанда:

  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйақы;
  • Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйақы;
  • Педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы сыйақы;
  • Түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйақы;
  • Жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев және М.О.Әуезов атындағы сыйақылар;
  • 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде қырық жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдарға 50 мемлекеттік ғылыми стипендия.

Байқауға ғылым саласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады. Өтінімдер 22 қарашаға дейін жеке қатысушылардан немесе авторлар ұжымынан (бес адамға дейін) қабылданады. Сыйақыға ұсынылатын ғылыми жұмыстар монографиялар, мақалалар, патенттер түрінде болуы мүмкін, сондай-ақ ғылыми қызметтің құжаттық дәлелдемелері мен ұсынымдар қоса берілуі қажет. Құжаттарға қойылатын барлық талап порталда орналастырылған.

Сыйақы мен стипендияға өтінім беру үшін мына сілтемелерді пайдалана аласыз: Сыйақы өтінімі және Стипендия өтінімі. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 727 3647648, +7 707 900 3201, +7 707 959 6264. Техникалық қолдау қызметі: +7 (7172) 73 50 89; 1818.

JARNAMA

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

ЧИТАЕМЫЕ

ИЗ ЭТОЙ КАТЕГОРИИ

«38. Соңғы нүкте»: орманшылардың көзге көрінбейтін еңбегі мен кәсіби борышы туралы фильм

Shanger.kz және Aleminform бірлескен коллаборациясы аясында дайындалды. 3 қыркүйектен бастап қазақстандық көрермен назарына...

Жастар театры мерейтойлық ХХ маусым шымылдығын «ШЫҢҒЫСХАН» қойылымымен ашады

Жастар театры өзінің ХХ мерейтойлық маусымының шымылдығын алғаш сахнаға жол тартқан...

AI & Digital Bridge 2026 аясындағы Job Fair: технология саласындағы мансаптық мүмкіндіктер

2–3 қазанда Астанада, «EXPO» ХКО аумағында өтетін AI & Digital Bridge...

Astana Hub Battle 2026: жылдың басты стартап-шайқасына өтінім қабылдау басталды

AI & Digital Bridge 2026 аясында өтетін Astana Hub Battle халықаралық...

jarnama

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img