HomeЖаңалықтарOPPO жаңа Reno13 сериясын...

OPPO жаңа Reno13 сериясын ұсынды

Фото: OPPO

OPPO компаниясы жаңа Reno13 смартфондар сериясын ұсынды. Линейкаға Reno13 5G және Reno13 F модельдері кіреді, олар жасанды интеллекттің озық технологияларын, инновациялық дизайнды және теңдессіз түсіру мүмкіндіктерін біріктіреді. Орта бағалық сегментте алғаш рет суасты түсіру функциясы ұсынылып отыр, ол IP66, IP68 және IP69 стандарттарына сай қорғау арқасында жүзеге асырылды – бұл индустриядағы су өткізбейтіндіктің ең жоғары деңгейі. OPPO Reno13 сериясы креаторларға, геймерлерге және заманауи шешімдерді бағалайтын пайдаланушыларға арналған.

Қаптамасыз революциялық суасты түсірілімі

OPPO Reno13 сериялы смартфондары IP66 / IP68 / IP69 стандарттарына сай бірегей су және шаң қорғау деңгейіне ие. Бұл құрылғыларға келесі жағдайларға төтеп беруге мүмкіндік береді:
• 2 метр тереңдікке дейін 301 минут бойы суға батырылу1;
• 80°C2-қа дейінгі температурадағы 8 000-10 000 кПа қысыммен су ағынының әсеріне төзу;
• Жоғары ылғалдылық пен шаң жағдайында жұмыс істеу.

Озық су қорғау технологияларының арқасында OPPO Reno13 сериялы смартфондары қосымша су өткізбейтін қаптар мен аксессуарларсыз су астында фото және видео түсіруді қолдайды. Арнайы суасты режимі түсіру параметрлерінен тәуелсіз түсті түзетуді іске қосады, бұрмалануды жояды және гаджеттің су астында ыңғайлы пайдаланылуы үшін физикалық түймелер арқылы басқаруды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, смартфондар суды жылдам жоюдың жетілдірілген механизмімен жабдықталған, бұл ылғалды бір ғана түртумен кетіріп, құрылғының оңтайлы өнімділігін сақтайды. Осылайша, OPPO Reno13 сериясы суасты түсірілімінің инновациялық мүмкіндіктерін аша отырып, мобильді индустрияда сенімділік пен креативтіліктің жаңа стандартын белгілейді.

Фото: OPPO

Жетілдірілген ЖИ-фото мүмкіндіктері

OPPO Reno13 сериясы бұған дейін тек флагмандық модельдерде қолжетімді болған ЖИ-кескін өңдеу құралдарының жаңа жиынтығын ұсынады. Олардың қатарына мыналар кіреді:
AI Clarity Enhancer – алыстағы нысандардың анықтығын арттырып, пейзаждар мен архитектуралық бөлшектерді керемет айқын етеді;
AI Unblur – суреттердегі бұлыңғырлықты жояды, жоғары дәлдік пен шынайылықты қамтамасыз етеді;
AI Reflection Remover – әйнектен шағылысқан жарықты жойып, терезе арқылы түсірілген кадрлардың анықтығын арттырады;
AI Eraser 2.0 – суреттерден қажетсіз нысандарды автоматты түрде өшіреді.

AI Livephoto функциясы ультраанық суреттерді жоғары тегістік пен тұрақтылықпен біріктіріп, «тірі» фотолар әсерін жасайды. Сонымен қатар, TikTok және Instagram (Stories) сияқты танымал әлеуметтік платформаларда AI Livephoto қолдауының болуы достармен, отбасымен және жазылушылармен контент алмасуды бұрынғыдан да жеңілдетеді.

Жаңа Tap-to-Share функциясының арқасында Reno13 смартфондары NFC көмегімен iOS құрылғыларына тікелей тірі фотолар жіберуді қолдайтын алғашқы Android құрылғыларының бірі болды. Ал AI Motion статикалық суреттерді 2K сападағы үш секундтық динамикалық бейнелерге айналдырып, кез келген фотосуретті кәсіби өңдеу дағдыларынсыз «тірілтуге» мүмкіндік береді.

Флагмандық камера

OPPO Reno13 5G премиум деңгейдегі камера жүйесімен жабдықталған:
• 50 МП негізгі камера (Sony LYT600) оптикалық тұрақтандырумен;
• 8 МП ультракең бұрышты камера;
• 2 МП монохромды камера;
• 50 МП алдыңғы камера автофокуспен және 4K Ultra Clear бейне түсіруді қолдаумен, бұл стандартты 1080P ажыратымдылығынан төрт есе анық.

Дизайн және автономдылық

OPPO Reno13 5G біртұтас шыныдан жасалған тегіс артқы панелімен және авиациялық алюминийден жасалған рамасымен ерекшеленеді, бұл құрылғыға келесі артықшылықтар береді:

  • +200% беріктік пластикалық рамалармен салыстырғанда;
    • +20% иілуге төзімділік;
    • +36% құлауға төзімділік.

Смартфондар 1.5K OLED-дисплеймен (120 Гц жаңарту жиілігі) және 5600 мА·сағ батареямен жабдықталған. OPPO Reno13 5G 80W SUPERVOOC™ Flash Charge4 жылдам зарядтау технологиясын қолдайды, ал OPPO Reno13 F 5800 мА·сағ батареясының арқасында 2,2 күнге дейін автономды жұмыс істей алады. Батарея 5 жыл қолданғаннан кейін де бастапқы сыйымдылығының 80%-дан кем емес мөлшерін сақтайды.

Кәсіби деңгейдегі ойын тәжірибесі

OPPO Reno13 5G үздіксіз және жоғары өнімді ойын процесіне арналған:
AI HyperBoost – ресурстарды интеллектуалды бөлу;
Adaptive Frame Booster – FPS көрсеткішін 60-тан 120 кадрға дейін арттырады қосымша қуат тұтынусыз;
AI LinkBoost 2.0 – жақсартылған сигнал қабылдау, кез келген жағдайда тұрақты байланыс қамтамасыз етеді.

5G және 4-нм технологиясы бойынша жасалған MediaTek Dimensity 8350 процессорының арқасында Reno13 5G өнімділікті 20%-ға арттырып, энергия тұтынуды 30%-ға азайтады.

Қазақстандағы қолжетімділігі

OPPO Reno13 сериясы 2025 жылғы 6 ақпаннан бастап онлайн-дүкендер мен бөлшек сауда желілерінде сатыла басталды. OPPO Reno13 5G келесі түстерде ұсынылған: жарқыл көк, ақ қауырсын. Бағасы: 359 990 теңге (12 ГБ + 512 ГБ). Ал OPPO Reno13 F күлгін және сұр түстерде қолжетімді. Модельдің бағасы 229 990 теңге (8 ГБ + 512 ГБ) және 199 990 теңге (8 ГБ + 256 ГБ).

Фото: OPPO

JARNAMA

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

ЧИТАЕМЫЕ

ИЗ ЭТОЙ КАТЕГОРИИ

SAP бизнеске арналған жасанды интеллектіні дамытуды жеделдететін инновациялық шешімді таныстырды

SAP компаниясының корпоративтік деректерді басқарудағы жаңа шешімі және агенттік жасанды интеллектінің...

Астанада Security & Building 2025 халықаралық көрмесі өтеді

  Business Media Central Asia ғимараттарды автоматтандыру және қауіпсіздік жүйелері саласындағы жетекші...

Astana Smart City нәтижелері: қала тұрмысын жақсартатын үздік 10 стартап

Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы Astana Hub және Aстaнa...

Web Summit 2024: Қазақстан мен Өзбекстан хабтары альянсы 15 стартапты таныстырды

11-14 қараша аралығында Португалияның Лиссабон қаласында өткен әлемдегі ең ірі технологиялық...

jarnama

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img