HomeЖаңалықтарАстанада Security & Building...

Астанада Security & Building 2025 халықаралық көрмесі өтеді

 

Фото: Business Media Central Asia

Business Media Central Asia ғимараттарды автоматтандыру және қауіпсіздік жүйелері саласындағы жетекші сарапшыларды жинайтын Security & Building халықаралық көрмесінің іске қосылатынын хабарлайды. Көрме Астанада 2025 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.

Көрменің негізгі бөлімдері:

  • Ғимараттарды автоматтандыру
  • Бақылау және қауіпсіздік жүйелері
  • Бейнебақылау
  • Ақылды қала
  • Ақылды үй
  • Электротехника

Security & Building ғимараттарды басқару жүйелерін, біріктірілген қауіпсіздік жүйелерін, жарықтандыруды, бейнебақылауды, ақылды құлыптарды, домофондарды, мультимедиялық жүйелерді, электр жабдықтары мен материалдарын және т.б. қоса алғанда, өнімдер мен шешімдердің кең ауқымын ұсынады.

Мақсатты аудитория:

  • Девелоперлік және құрылыс компаниялары;
  • Басқарушы және эксплуатациялық компаниялар;
  • Жабдық өндірушілер;
  • Жабдық дистрибьюторлары мен дилерлері;
  • Сәулетшілер, дизайнерлер, жобалаушылар;
  • Жүйелік интеграторлар.

  Неліктен қатысуға тұрарлық?

 Security & Building — бұл компаниялар үшін бірегей мүмкіндік:

  • Жаңа клиенттерді тарту және ұзақ мерзімді іскерлік қатынастар орнату;
  • Қазіргі серіктестермен қарым-қатынасты нығайту;
  • Жаңа өнімдер мен шешімдерді кең кәсіби аудиторияға көрсету;
  • Бәсекелестерден ерекшеленіп, нарықтағы беделді нығайту;
  • Сарапшылармен саланың трендтері мен перспективаларын талқылау.

Сонымен қатар, Security & Building көрмесі Interlight Central Asia 2025-пен қатар өтеді, бұл жарықтандыру, автоматтандыру және қауіпсіздік жүйелері саласындағы кәсіпқой мамандардың өзара әрекеттесуі үшін бірегей мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл аралас салалық сегменттер арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың жаңа перспективаларын құрады.

Security & Building жобасы Interlight Central Asia 2024 көрмесінде қатысушылар мен экспоненттер көрсеткен «ақылды үй» технологияларына, қауіпсіздік жүйелеріне және ғимаратты басқаруға қызығушылықтың артуына байланысты іске қосылды.

Барлық келушілер үшін қатысушыларға өз білімдерін кеңейтуге және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға көмектесетін дәрістер мен мастер-класстарды қамтитын мазмұнды іскерлік бағдарлама ұсынылады. Көрме сала мамандары үшін маңызды оқиға болмақ.

Көрме аясында B2B кездесулері ұйымдастырылады, олар қатысушыларға іскерлік байланыстар орнатуға, серіктестік келісімдер жасасуға және түрлі салалар мен елдердің өкілдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар ғимараттарды автоматтандыру, қауіпсіздік және смарт-технологиялар саласындағы өндірушілер мен жеткізушілерді Security & Building жобасына қатысуға және көрменің экспоненттерге беретін бірегей мүмкіндіктерді пайдалануға шақырады.

Қосымша ақпаратты көрменің https://security-building.kz/ ресми сайтынан алуға болады.

Көрмені ұйымдастырушы — Business Media Central Asia (BMCA) халықаралық көрме компаниясы.

Байланыс деректері:

Дилшад Акимбек

Жоба менеджері

Моб.+77089268667

dilshad.akimbek@bmca.kz

БАҚ үшін байланыстар:

Дина Букенбаева

PR және GR менеджері

Моб. +7 701 770 02 57

dina.bukenbayeva@bmca.kz

 

 

 

 

JARNAMA

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

ЧИТАЕМЫЕ

ИЗ ЭТОЙ КАТЕГОРИИ

SAP бизнеске арналған жасанды интеллектіні дамытуды жеделдететін инновациялық шешімді таныстырды

SAP компаниясының корпоративтік деректерді басқарудағы жаңа шешімі және агенттік жасанды интеллектінің...

OPPO жаңа Reno13 сериясын ұсынды

OPPO компаниясы жаңа Reno13 смартфондар сериясын ұсынды. Линейкаға Reno13 5G және...

Astana Smart City нәтижелері: қала тұрмысын жақсартатын үздік 10 стартап

Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы Astana Hub және Aстaнa...

Web Summit 2024: Қазақстан мен Өзбекстан хабтары альянсы 15 стартапты таныстырды

11-14 қараша аралығында Португалияның Лиссабон қаласында өткен әлемдегі ең ірі технологиялық...

jarnama

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img