HomeАрнайы жобаларeGov.kz порталы арқылы Қазақстан...

eGov.kz порталы арқылы Қазақстан азаматтары баспана сертификаттарын ала алады.


Баспана сертификаты баспанаға мұқтаж және ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша алғашқы жарнаның бір бөлігін жабуға жеткіліксіз табысы бар отбасыларға беріледі. eGov.kz порталында сертификат алуға арналған онлайн қызмет енді қолжетімді.

Сертификат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу шартымен беріледі. Баспана сертификаттарын алушылардың ауқымы мен санаттарының тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

Баспана сертификаты келесі шарттар орындалған жағдайда әлеуметтік көмек ретінде беріледі:

  • өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайы және кәмелетке толмаған балалары) соңғы 6 айдағы еңбек қызметінен және/немесе кәсіпкерлік қызметтен алған орташа табысы белгіленген шектен аспауы тиіс;
  • орташа табысқа зейнетақы жарналары, жеке табыс салығы және басқа да міндетті төлемдер кірмейді;
  • күндізгі оқу нысанында оқитын 23 жасқа дейінгі балалар ескеріледі.

Баспана сертификатын онлайн алу үшін пайдаланушыға:

  • eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік – Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өту керек;
  • тізімнен «Баспана сертификаттарын беру» таңдап, қажетті өрістерді толтыру қажет;
  • ЭЦҚ қолданып қызметке қол қою керек;
  • жеке кабинетте (https://kezekte.kz/) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен танысу керек.

Жаңа қызмет Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның ынтымақтастығының арқасында іске қосылды.

JARNAMA

spot_imgspot_img

ЧИТАЕМЫЕ

ИЗ ЭТОЙ КАТЕГОРИИ

Astana Smart City нәтижелері: қала тұрмысын жақсартатын үздік 10 стартап

Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы Astana Hub және Aстaнa...

Web Summit 2024: Қазақстан мен Өзбекстан хабтары альянсы 15 стартапты таныстырды

11-14 қараша аралығында Португалияның Лиссабон қаласында өткен әлемдегі ең ірі технологиялық...

Өзбекстанның IT Community ұйымы алғашқы IT Roadshow жобасын өткізеді

Өзбекстандық және шетелдік компаниялардың сарапшылары елдің 19 қаласында жас мамандарға IT...

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Astana IT университеті IT мамандарын даярлау туралы меморандумға қол қойды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы және Astana IT университеті IT мамандарын...

jarnama

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img