HomeАрнайы жобаларАстанада Кенес Дүйсекеевтің шығармашылығына...

Астанада Кенес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Сәлем саған, туған ел» музыкалық кеші өтеді

Өтетін күні мен уақыты: 10 ақпан, сағ. 19:00

Өтетін жері: Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МАКҰ (Мәңгілік ел, 10/1)

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында танымал композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Сәлем саған, туған ел» атты музыкалық кеш өтеді. Аталған іс-шара композитордың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр және республикалық деңгейде өткізілетін алғашқы іс-шаралардың бірі болғалы тұр.

Концерттік бағдарламада композитордың ел жүрегінен орын алған таңдаулы шығармалары орындалып, оның ұлттық өнерге қосқан өлшеусіз үлесі мен тағылымды шығармашылық жолы кеңінен таныстырылады. Атап айтқанда, «Сәлем саған, туған ел», «Ойлайсың ба, жаным», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Ғашықтар  жыры», «Қарағым-ай, «Анаға хат» және т.б. туындылары көрермен назарына ұсынылады.

Іс-шараға Қазақконцерттің өнер жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдары қатысады: Нұрлан Өнербаев, Құрмаш Махан, Бауыржан Исаев, Ербол Тәжібаев, Алтыншаш Мұқатаева, Әділжан Толықпаев, Анна Уварова, Асқар Мұқият, Әділхан Макин, Зарина Макина, Ерлан Рысқали, Перизат Тұрарова, Қуандық Шалқарұлы, Асылхан Шалқаров, Алибек Альмадиев, Нұрай Мықты, Ибрахим Амин, Сұлтан Ахмет, Айым Қоғам, Венера Табыс, «Saz&Soul» тобы, «Астана» эстрадалық симфониялық оркестрі,  G-бэнд, «Gulder» ансамблі. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сембек Жұмағалиев, Алтынай Жорабаева, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Ержан Исин және Ресей халық әртісі, дирижер, джаз пианисі, «Фонограф-Симфо-Джаз» оркестрінің жетекшісі Сергей Жилин өнер көрсетеді.

Кеңес Дүйсекеев — қазақ музыка өнерінің алтын қорына енген бірегей туындылардың авторы, ұлттық рух пен заманауи әуенді шебер ұштастырған көрнекті композитор. Оның шығармашылық мұрасында «Толғау» симфониясы, «Жалаңтөс батыр» симфониялық поэма-картинасы, «О, дүние» кантатасы, «Жыл мезгілдері» романстар циклі, сондай-ақ «Жан әке», «Қарағым-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Өкінбе сен», «Ғашықтар жыры» және т.б. кеңінен танымал музыкалық шығармалары бар. Сонымен қатар композитор «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклдерінің, «Алдар көсе» опереттасы, симфония-концерт пен түрлі аспаптарға арналған концерт, камералық оркестрге арналған шығармалар мен 200-ден астам әннің авторы.

 

 

JARNAMA

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

ЧИТАЕМЫЕ

ИЗ ЭТОЙ КАТЕГОРИИ

Digital Almaty өз ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

2026 жылы халықаралық Digital Almaty алаңы республикалық Digital Qazaqstan форумы болып...

Алиса ақылды колонкаларында жаңа қазақстандық радиостанциялар қолжетімді

Yandex Qazaqstan Алиса ЖИ-ассистенті бар ақылды колонкаларында қазақстандық Mustafin FM және...

Алматыда Leica алғашқы бутигі ашылды

Фото Epov Timur Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 119 мекенжайында Қазақстанда Leica Camera...

jarnama

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img