Yandex Qazaqstan Алиса ЖИ-ассистенті бар ақылды колонкаларында қазақстандық Mustafin FM және Jibek Joly радиостанциялары қосылды. Бұған дейін Қазақстандағы пайдаланушыларға Radio NS, Русское Радио Азия, Европа Плюс, Той Думан, Love Radio, Радио Дача және Авторадио Қазақстан қолжетімді болған болса, енді олардың қатарына, тағы екі жергілікті станция қосылып, жалпы саны тоғызға жетті.
Жергілікті станцияларды Алиса ақылды колонкаларға қосу өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Анонимді жиынтық деректерге сүйенсек, желтоқсан айының соңына қарай радио тыңдау көрсеткіші 16%-ға өскен. Желтоқсанда орта есеппен бір пайдаланушы радионы күніне үш рет қосқан.
«Көптеген қазақстандықтар үшін радио таңертең көңіл-күй сыйлайды немесе кешкісін үйде жайлы атмосфера орнатуға көмектеседі. Сондықтан біз сүйікті эфирлерді кез келген уақытта бір ауыз сөзбен қосу мүмкін болуы үшін Алиса ақылды колонкалардағы жергілікті контентті кеңейтуді жалғастырамыз», — деп атап өтті Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.
Эфирді қосу үшін, мысалы: «Алиса, NS радиосын қос» немесе «Алиса, Той Думан» радиосын тыңдағым келіп тұр» деп айтсаңыз жеткілікті
Алиса ЖИ-ассистенті бар станцияларды «Технодом», «Мечта», Sulpak дүкендерінен, сондай-ақ Алисаның ресми дүкенінен онлайн және офлайн сатып алуға болады
Yandex Qazaqstan туралы
Yandex Qazaqstan – машиналық оқыту мен нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистерді жасайтын технологиялық компания. Компания Қазақстандағы цифрлық ортаны дамытуға және пайдаланушылардың өмірін жақсартуға бағытталған инновациялық технологияларды жасаумен және қолданысқа енгізумен айналысады. Қазір елде іздеу, қалаға арналған, бұлттық және көңіл көтеру сервистері жұмыс істеп тұр, сондай-ақ компания білім беру және әлеуметтік бағыттағы жобаларды дамытып отыр.


